Қосшыда жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті
21.08.2025 19:01:59 118
Косшыда Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының және Қосшы қаласының салық төлеушілеріне Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың қатысуымен жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша
семинар өтті.
Бауыржан Шәйкеновтың айтуынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін икемді әрі түсінікті арнайы салық режімдері енгізіледі. Бұл бюрократияны азайтып, кәсіпкерлер күрделі есеп-қисапты өткізу мен тексерулерге алаңдамай, бизнесті дамытуға баса мән беретін болады.
Салықтық әкімшілендіру тәсілдері түбегейлі өзгереді. Біріншіден, камералды тексерулер енді ескерту сипатында болады. Екіншіден, берешекті өндіру, төлемдерді кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері едәуір жеңілдейді. Үшіншіден, берешек сомасы аз болған жағдайда МКК кәсіпкерлердің шоттарын автоматты түрде бұғаттамайды. Оның орнына кезең-кезеңімен хабарландыру жүйесі қолданылады. Бұл бизнеске кемшіліктерді уақтылы реттеуге мүмкіндік береді.
Кездесудің соңында Департамент өкілдері өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Келесі семинар 28 тамызда Щучинск қаласында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1054965?lang=kk