Жетісу ауданы бойынша МКБ-да жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті
22.08.2025 08:06:37 240
Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің, бизнес өкілдерінің және басқарма басшылығының қатысуымен семинар өтті.
Іс-шара барысында Жетісу ауданы бойынша МКБ басшысы Садиров А. Р. және басқарма басшысының орынбасары Комекова А. Б. 2025 жылы күшіне енетін Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі өзгерістерді жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа салық заңнамасының негізгі ережелеріне қатысты түсініктемелер берілді. Қатысушылар жаңа нормаларды қолдануға байланысты өзекті сұрақтарына жауап алды.
Мұндай семинарлар ашық диалог орнатуға, салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және бизнес пен салық органдары арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1054980?lang=kk