Қазақстан Елшісі Бурайдадағы құрма карнавалының ашылу рәсіміне қатысты
22.08.2025 17:38:00 69
Ар-Рияд, 2025 жылғы 20 тамыз – Сауд Арабиясының әл-Қасим провинциясының губернаторы, Фейсал бен Мишал Әл-Саудтың шақыруымен Қазақстанның Елшісі Мадияр Меңілбеков Бурайда қаласындағы құрма карнавалының ресми ашылу рәсіміне қатысты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Елшіні орталық әл-Қасим аймағында өсірілетін әртүрлі құрма сорттарымен таныстырып, олардың өндірілу ерекшеліктерін көрсетті. Жергілікті БАҚ-пен сұхбатында Елші Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту маңыздылығын атап өтті.
Бурайдадағы құрма карнавалы әлемдегі ең ірі фестиваль болып есептеледі және Гиннестің рекордтар кітабына енген. Өткен жылы сатылым 3,2 миллиард сауд риалына (шамамен 850 млн АҚШ долларына) жеткен.
Фестиваль ү.ж. 20 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өтеді және дәстүрлі түрде шаруаларды, кәсіпкерлерді және өңір мен шетелден келген сатып алушыларды тартады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1055571?lang=kk