Қазақстан мен Сейшел аралдары ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

Қазақстан мен Сейшел аралдары ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

22.08.2025 20:10:57 181

Аддис-Абеба, 2025 ж. 22 тамыз – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаев Сейшел Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Сейшел Республикасының Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Конрад Медерекпен кездесті.

​Кездесу барысында дипломаттар түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Туризмді дамытуға, іскерлік байланыстар орнатуға, сондай-ақ тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау салаларында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Елшілер халықаралық аренада, әсіресе БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастыққа өзара мүдделіліктерін атап өтті.

​Басқосудың негізгі тақырыптарының бірі үкіметаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігі болды. Тараптар екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту үшін берік құқықтық негіз бола алатын осындай құжатты дайындау және жасасу үшін қажетті қадамдарды талқылады.

​Кездесу жұмыс байланыстарын жалғастыру және нақты бастамаларды пысықтау үшін ақпарат алмасу туралы уағдаластықпен аяқталды. Екі тарап та бұл диалог өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1055715?lang=kk