ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА KIT BUSINESS ASSOCIATION ӨКІЛДЕРІМЕН РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА KIT BUSINESS ASSOCIATION ӨКІЛДЕРІМЕН РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23.08.2025 08:59:48 141

 

Шымкент қаласында KIT Business Association халықаралық қауымдастығының өкілдерімен ресми кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімдігінің, кәсіпкерлік құрылымдардың және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және серіктестік қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар кәсіпкерлік ортаны қолдауға бағытталған өзекті бастамалар мен даму перспективаларына ерекше назар аударды.

KIT Business Association – 400-ден астам резидентті біріктіретін ірі халықаралық бизнес-қауымдастық. Қауымдастықтың Қазақстанның бірнеше қаласында, сондай-ақ шет мемлекеттерде өкілдіктері жұмыс істейді. Ұйым стартаптарды, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шеберлік сағаттары, оқыту тренингтері мен бизнес-форумдарды тұрақты түрде өткізеді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің халықаралық нарықтарға шығуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді. Мұндай кездесулер Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға оң ықпал етеді.