ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері әкімшілік рәсімдердің практикалық қырларын меңгерді
25.08.2025 16:45:49 192ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараға өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің аға прокуроры, 1-сыныпты заңгер Жадыра Әбжапбарова қатысып, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданудың практикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында әкімшілік рәсімдерге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Оның ішінде:
- жеңілдетілген әкімшілік рәсім;
- әкімшілік акт шығару арқылы жүзеге асатын рәсім.
Жадыра Әбжапбарова жиі жіберілетін рәсімдік қателіктер мен олардың салдарына жеке тоқталды. Сондай-ақ практикалық мысалдарды талдау арқылы әскери қызметшілер алған білімдерін бекітіп, тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылатын осындай іс-шаралар жеке құрамның құқықтық мәдениетін арттырып, ұландықтардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде әкімшілік құқық нормаларын сауатты қолдануына ықпал етеді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1056358?lang=kk