Қазақстанда Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба іске асырылуда
25.08.2025 17:47:20 190
Мемлекет басшысы 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге ерекше назар аударды. Осы мақсатта өткен жылдың желтоқсан айында Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба бекітілді. Ұлттық жоба тозған инфрақұрылымды ауқымды жаңартуды көздейді. Энергетика және коммуналдық секторлардағы өзекті мәселелер ел бойынша жөндеу қуатын ұлғайту жолымен және желілердің тозу деңгейі жоғары өңірлерге баса назар аудара отырып шешілмек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.
Спикер түсіндіргендей, Ұлттық жоба мынадай негізгі міндеттерді қамтиды: коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру үшін инженерлік желілердің тозуы мен апаттылығын төмендету, электр және жылу энергиясының тапшылығын болдырмау үшін жаңа генерациялау көздерін жаңғырту және салу. Ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы мен республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
«Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар НҚА жобаларын әзірледі», – деп атап өтті Тимур Қосымбаев.
Қолданыстағы коммуналдық инфрақұрылымға талдау жүргізілді. Жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы тозуды 50%-дан төмен көрсеткішке жеткізу үшін 6,8 трлн теңге көлемінде инвестициялар тарту талап етіледі. Бұл қаражат 86 мың шақырым коммуналдық желілерді жөндеуге бағытталады, бұл апаттар санын едәуір қысқартуға және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін «технологиялық деңгейге» жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ спикер «тозудың сыни аймағында» орналасқан реттелетін коммуналдық салалар бойынша монополистер санын айтты.
«Жылумен жабдықтау саласында еліміздің 11 өңірінде 22 монополист немесе субъектілердің жалпы санының үштен бірінде жылу желілерінің тозуы 65%-дан асады. Мұндай субъектілердің ең көп саны ШҚО-да – 4, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында – 3-тен тіркелді. 46 субъектінің 18-інде электр желілерінің 70%-дан астамының тозу деңгейі жоғары және олар 11 өңірде, ең көбі Қостанай облысында орналасқан. Бұдан бөлек, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы ұлттық жобаға қатысатын субъектілердің жартысына жуығы 70%-дан астам тозған», – деді ол.
Коммуналдық желілердің жыл сайынғы табиғи тозуы шамамен 2-3% немесе 4-5 мың шақырымды құрайды. Тимур Қосымбаевтың айтуынша, тозумен тиімді күресу үшін инженерлік желілердің ұзындығын жөндеуді едәуір арттыру қажет.
Мәселен, 2025 жылға 1 347 шақырым коммуналдық желілерді және 3 047 бірлік жабдықты жөндеу және ауыстыру үшін расталған құжаттары бар және жалпы сомасы 144,5 млрд теңгеге қаржыландыруға дайын 48 табиғи монополия субъектісі басым тәртіппен қаралып, айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056443?lang=kk