«Шымкентте жаңа заманауи автобустар жолға шықты»

«Шымкентте жаңа заманауи автобустар жолға шықты»

25.08.2025 20:44:10 167

«Шымкентте жаңа заманауи автобустар жолға шықты»

Шымкентте ыңғайлы әрі заманауи қоғамдық көлік жүйесін құру жұмыстары жалғасуда. Негізгі бағыттардың бірі – автобус паркін жаңарту.

Биыл қалаға 58 жаңа автобус алынды: шалғай елді мекендерге 28 шағын сыйымдылықтағы автобус және 30 үлкен заманауи көлік. Олардың барлығы кондиционермен, бейнебақылау жүйесімен, навигациямен, заманауи төлем жүйелерімен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікті жаңғырту басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды. Жауапты қызметтерге автобустардың тазалығын, кестенің сақталуын және жолаушылардың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды тапсырды.

Сонымен қатар, экологиялық таза көлікке көшу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. «Shymkent Bus» ЖШС газ моторлы отынмен жүретін 179 автобусты кезең-кезеңімен жеткізуді жоспарлап отыр. Әр кезеңде 30-40 көлік іске қосылып, тасымалдау сапасын арттырып, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтады.

Қазіргі жағдай

Бүгінде Шымкентте 82 бағыт бойынша күн сайын 984 автобус шығады, оның 79-ы әлеуметтік маңызы бар. Тасымалдауды 11 кәсіпорын жүзеге асырады. Барлығы қаланың автобус паркі 1173 бірлікті құрайды.

Тұрақты даму үшін «Автобыс» жүйесі енгізілді — бұл жол жүруге, диспетчерлік етуге, жолаушылар ағынын есепке алуға және нақты уақыт режимінде есептерді қалыптастыруға арналған электронды төлем. Биылғы жылдың 7 айында автобустарды 49,8 миллионнан астам жолаушы пайдаланған.

Бүгінде 615 автобус сығымдалған газбен, 558-і дизельдік отынмен жүреді.

Маршруттық желіні дамыту

Қаланың өсуі, жаңа тұрғын үй кешендері мен өнеркәсіп аймақтары маршрут схемасын жаңартуды талап етеді. 2025 жылы жолаушылар көлігін дамытудың жаңа кешенді жоспары әзірленеді.

Шымкенттегі қоғамдық көлікті жаңғырту тек жаңа автобустар сатып алу ғана емес. Бұл инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыс.