Қазақстанда бір кіреберіс тұрғындары күрделі жөндеу және лифтті ауыстыру мәселелері бойынша жиналысты өз бетінше өткізе алады

Қазақстанда бір кіреберіс тұрғындары күрделі жөндеу және лифтті ауыстыру мәселелері бойынша жиналысты өз бетінше өткізе алады

26.08.2025 14:47:02 142

Көппәтерлі тұрғын үйдің бір кіреберістегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері, егер бұл көппәтерлі тұрғын үйдің басқа кіреберістер меншік иелерінің мүдделеріне әсер етпесе, жылдық шығыстар сметасында көзделмеген іс-шараларды қаржыландыру үшін мақсатты жарналарды жинау туралы шешім қабылдауға құқылы.

Кіреберіс күрделі жөндеу немесе лифтіні ауыстыру мәселелері бойынша шешім, осы кіреберістегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған жағдайда қабылданды деп есептеледі және тиісті хаттамамен рәсімделуі тиіс.

Хаттама қабылданғаннан кейін меншік иелері үй кеңесімен бірлесіп құжатты орындау үшін жиналыс бекіткен төрағаға немесе басқару субъектісіне жолдайды.

Төраға немесе басқару субъектісі ай сайынғы және жылдық есептерде кондоминиум нысанын басқару шығындарына жатпайтын қосымша шығыстарды және мақсатты қаражаттың түсуін көрсетуге міндетті.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдау құқығын үй кеңесі немесе жиналыс бұл құқықты берген жағдайда кондоминиум нысанын басқару субъектісі жүзеге асыра алады.

Барлық шешімдер хаттамамен расталуы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056864?lang=kk