Тереңкөл ауданының мемлекеттік кірістер басқармасында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары салық кодексіне 2026 жылдан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістерді ұсынды
26.08.2025 16:22:22 113
Арнайы салық режимдерін өзгерту, ҚҚС-ты реформалау, салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдерін кеңейту, салық есептілігі нысандарын 30% - ға қысқарту, салықтық тексерулердің алдын алу сипаты, салықтар мен бюджетке төлемдер төлеу жөніндегі салық міндеттемесін мәжбүрлеп орындау және басқа да мәселелер Тереңкөл ауданының салық төлеушілерінің қатысуымен өткен семинар барысында жарияланды.
60-қа жуық жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1056978?lang=kk