Қазақстан мен Эфиопия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын растайды

Қазақстан мен Эфиопия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын растайды

26.08.2025 17:05:12 148

Аддис-Абеба, 25 тамыз 2025 ж. – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Президенті Протоколының Басшысы Биниям Эфрем Бетреворкпен кездесу өткізді.

​Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, саяси диалогты одан әрі дамытуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды арттыруға  ортақ ниет білдірді. Сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

​Елші Ж.Әділбаев Астананың Аддис-Абебамен әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтіп, Эфиопияның Африкадағы жетекші мемлекеттердің бірі және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі елеулі серіктес ретіндегі маңыздылығын айтты.

​Эфиопия тарапы байланыстарды дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың достық сипатын атап көрсетті.

​Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен Эфиопия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тығыз байланыста болуға уағдаласты.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1057063?lang=kk