Бельгияның жаңа Елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады
26.08.2025 19:43:25 125Астана, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Эрик Де Майерден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Министрдің орынбасары Бельгия дипломатын Қазақстандағы жаңа қызметімен құттықтай отырып, Астана мен Брюссель арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың және өзара диалогті тереңдетудің жоғары маңыздылығын атап өтті.
Сұхбат барысында Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының өзекті бағыттары мен алдағы екіжақты, соның ішінде парламентаралық диалогының желісі бойынша іс-шараларды талқыланды.
Сонымен қатар өзара тиімді экономикалық серіктестікті арттыруға және Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды одан әрі қолдауға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057229?lang=kk