Тамыз педагогикалық конференциясы
26.08.2025 20:02:48 109
Жаңа оқу жылы қарсаңында Курчатов қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» атты тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Бұл конференция өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.
Конференцияны Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев ашып, құттықтау сөзінде педагогтардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы оқу жылында тың идеялар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тіледі.
Білім беру жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Болат Тансықбаевич бірқатар педагогтерге қала әкімінің грамоталарын табыстады.
Сондай-ақ Абай облысы Білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ басшысы А.Ж. Улукпанова өз ісіне шығармашылықпен қарап, жоғары сапалы білім бергені мен жетістіктері үшін мұғалімдерді қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапаттады.
Салтанатты бөлімнен кейін конференция қатысушылары секциялық жұмыстарға қатысып, тәрбие берудің өзекті мәселелерін, заманауи білім беру технологияларын енгізу мен білім беру саласын дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1057234?lang=kk