Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Мектепке жол» акциясына қатысты

Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Мектепке жол» акциясына қатысты

27.08.2025 08:53:15 125

Жаңа оқу жылының қарсаңында Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясына қатысты.
Шараның мақсаты – оқу жылына
дайындық барысында көмекке мұқтаж балаларды қолдау.
Акция аясында 7-сынып оқушысына қажетті оқу құралдары мен материалдар табысталды. Бұл оған жаңа оқу жылын сәтті бастауға мүмкіндік береді.
Осындай игі бастамалар сапалы білім алуға жағдай жасауға, көмекке зәру отбасыларды қолдауға, сондай-ақ болашақ ұрпаққа қамқорлық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1057284?lang=kk