ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

22.09.2026 15:48:13 248

21 қыркүйек күні есірткі заттарын жарнамалайтын заңсыз граффити жазбаларды анықтау және өшіру мақсатында рейдтік шара өткізілді.

Шараға прокуратура қызметкерлері, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, студенттер, қалалық жастар ресурстық орталығы мамандар және жоба волонтерлері қатысты.

Рейд барысында қоғамдық орындардағы есірткі заттарын жарнамалайтын заңсыз жазбалар анықталып, оларды өшіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді.

Шараның басты мақсаты – есірткі заттарының заңсыз жарнамасының таралуына жол бермеу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1296069?lang=ru