Ақтауда ХҚКО-да жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды

Ақтауда ХҚКО-да жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды

27.08.2025 10:56:12 161

Конституция күні мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Бұлкүніжақында16жасқатолғанжасөспірімдергеерекшеназар аударылды.Оларүшінрәсімшынмәніндемаңыздыоқиғаболды - жасазаматтарөздерініңалғашқы жеке куәліктеріналды.

Негізгі құжатты алу ересек өмірдің басталуын білдіреді, жаңа мүмкіндіктер ашады және қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті көрсетеді.
Жеке куәліктердің дәл Конституция күніне орай табысталуының айрықша мәні бар, өйткені еліміздің Негізгі заңы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.  

Мұндай  іс-шаралар өңірдегі ХҚКО-ларда тұрақты түрде өткізіліп келеді және жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін игі дәстүрге айналды.

Айта кету керек, 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәлік алуға міндетті. Ол үшін жасөспірім ата-анасының бірімен туу туралы куәлік пен ата-анасының жеке куәлігін көрсете отырып, жақын маңдағы ХҚКО-ға жүгінуі қажет

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінің 30 жылдығын атап өтуде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1057404?lang=kk