ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
27.08.2025 14:22:09 178
Татулық – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, ал достық – елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын, жүректерді жақындастыратын ұлы құндылық. Достық бар жерде – сенім де, сыйластық та, өзара түсіністік те қатар өркендейді. Ұлт пен ұлыстың ойы да, арманы да, ниеті де бір болғанда – ондай елдің болашағы баянды, іргесі берік болмақ.
Қазақстан – осы татулық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Бүгінде елімізде сан түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысып, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен бауырмалдығы, сенімі мен түсіністігі нығайып келеді. Бұл – өркениетті қоғамның басты көрсеткіші әрі халқымыздың жүрегіндегі кеңпейілдік пен мейірімнің айғағы.
Достық – елді біріктіретін алтын көпір. Ол адамдарды ұлтқа, тілге, дінге бөлмей, ортақ мүдде жолында топтастырады. Сондықтан басты міндетіміз – ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап, қоғамдағы келісім мен достықты, бейбіт өмірді нығайта беру.
#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK