Қазақстан-Бельгия: ынтымақтастықты тереңдету жолында

Қазақстан-Бельгия: ынтымақтастықты тереңдету жолында

28.08.2025 08:02:17 55

2025 жылғы 27 тамыз, Брюссель – Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко Бельгияның Сыртқы істер, сыртқы сауда және даму бойынша Федералды қызметінің Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия жөніндегі директоры Филипп Бенуамен кездесу өткізді.

Мазмұнды келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім алмасуды дамытуға ерекше назар аударылды.

Р.Василенко жасыл технологиялар, цифрландыру, көлік және логистика сияқты перспективалық салаларды қоса алғанда, экономикалық өзара ынтымақтастықты одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Ф.Бенуа бельгиялық тараптың Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде Қазақстанмен практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді.

Сондай-ақ әңгімелесушілер өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастарды дамыту контекстінде пікір алмасты. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында Астана мен Брюссель арасындағы көпжақты әріптестік ерекше маңызға ие болатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара міндеттемелерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1058042?lang=kk