Қазақстан мен Сомали дипломатиялық қатынастар орнатты
28.08.2025 08:20:49 212
Нью-Йорк, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров және Сомали Федеративтік Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Абукар Дахир Осман Қазақстан Республикасы мен Сомали Федеративтік Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.
Коммюникеге қол қою екіжақты қатынастар тарихындағы жаңа бетті ашатын маңызды оқиға болды. Қазақстан мен Сомали халықаралық құқықтың, БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге бейілділігін, сондай-ақ екіжақты негізде және көпжақты форматтарда өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту ниетін растады.
Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының қатарында Тараптар орнықты даму, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ көлік пен энергетика, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру мен кадрлар даярлау, сондай-ақ цифрландыру мен мемлекеттік қызметтер салаларындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді атап өтті.
Қазақстан мен Сомали негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының ортақтығын ерекше атап өтіп, БҰҰ алаңында бір-бірінің күш-жігерін қолдайтынын растады. Дипломатиялық қатынастарды орнату екі елдің мүдделеріне сай келеді, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді және ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін берік негіз қалайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1058078?lang=kk