Сырдария ауданында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда
28.08.2025 16:20:59 192
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Сырдария ауданы тұрғындары белсенді түрде атсалысып келеді.
Акция аясында ауданда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды:
жалпы көлемі - 5 500 тонна қоқыс шығарылды;
17 400 түп ағаш отырғызылды;
27 800 түп гүл егілді;
ұзындығы 70 шақырымды құрайтын каналдар мен арықтар тазартылды (оның ішінде каналдар – 50 км, арықтар – 20 км).
Аталған шаралар аудан аумағын абаттандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға зор үлес қосты.
«Таза Қазақстан» акциясы Сырдария ауданында тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Бұл игі іс-шаралар табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-terenozek/press/news/details/1058451?lang=kk