Гонконгтың кеден органдарының өкілдерімен келіссөздер туралы

Гонконгтың кеден органдарының өкілдерімен келіссөздер туралы

28.08.2025 16:21:02 218

2025 ж. 27 тамызда ҚР Бас консулы Бауыржан Досманбетовтің ҚХР Гонконг АӘА Үкіметі Кеден Комиссары Чан Цз Татпен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Гонконг арасында кеден ісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын және шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді қарастырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша кеден қызметтері арасында тұрақты байланыстарды қолдау және өзара ынтымақтастықты орнатуға қолғабыс көрсету жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1058448?lang=kk