"Қамқор" жедел-профилактикалық іс-шарасы
28.08.2025 19:02:37 231
2024-2028 жылдарға арналған Осакаров ауданында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі кешенді шаралар жоспарына (құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында) 1.1-т., сондай-ақ 2025 жылғы 21 тамыздағы 1-т. балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығының профилактикасының аудандық жоспарына сәйкес аудан аумағында "Қамқор" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Рейдтің негізгі мақсаты- әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалардың қараусыздығы мен панасыздығының алдын алу. Қолайсыздықтың себептерін жою үшін отбасына кешенді қолдау көрсету.
Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 74 адамды құрады.
Іс-шара барысында тексерулер жүргізілді:
* қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар;
* ойын-сауық мекемелері;
* сауда нүктелері;
* теміржол вокзалдары;
* жанармай құю станциялары;
* автокөлік жуу;
* саябақтар және басқа да қоғамдық орындар.
Рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1058654?lang=kk