«Ұлттың күші - оның Конституциясында»
02.09.2025 08:50:50 207
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова «Qostanai TV» телеарнасының «Бірінші студия» бағдарламасында «Ұлттың күші - оның Конституциясында» тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Ата Заңның мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, құқықтық тәртіпті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше мән берді. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі жетістіктері және демократия мен құқық үстемдігін дамытудағы Конституцияның орны атап өтілді.
Сілтеме: https://youtu.be/7dXCEulHlTo?si=gnrOKc36jL7MUNDV
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1059963?lang=kk