Департаменттің жұмыс уақыты өзгерді
02.09.2025 13:00:17 350
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексінің 40-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы
2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жұмыс уақытының регламенті өзгеретіні туралы хабардар етеміз.
Департаментте, жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат болған жағдайда, жұмыс күні 08:00-дан 17:30-ға дейін белгіленген. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1060342?lang=kk