Қазақстан СІМ-де Бельгия Парламентінің делегациясымен кездесу өтті
02.09.2025 19:50:30 238Астана, 2025 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрайымы, Фламанд Парламентінің депутаты Стефан Д’Оз бастаған парламенттік делегациясымен кездесу өткізді.
Министрдің орынбасары Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты және көпжақты деңгейлерде, соның ішінде Еуропалық одақ пен басқа халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан-Бельгия серіктестігінің өзекті бағыттары және бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті.
Тараптар парламентаралық байланыстарды одар әрі нығайтуға, өзара тиімді экономикалық серіктестікті және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды күшейтуге қызығушылық білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1060811?lang=kk