Тіркеу басталуда
03.09.2025 08:20:33 496
1 қыркүйектен бастап жыл сайынғы тіркеу науқаны басталады. Облыс тұрғындарына өз таңдауы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (МСАК) тіркелу мүмкіндігі беріледі. Egov электрондық үкімет веб-порталында үйден шықпай-ақ тіркелуге болады. Рәсім үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Сонымен қатар, барлық емханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, бұйрықпен қажетті консультативтік және техникалық көмек көрсете алатын жауапты тұлғалар бекітілген.
Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсететін Жетісу облысының кез келген медициналық мекемесіне тіркелуге болады - Талдықорған қаласында ШЖҚ «Талдықорған қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «Талдықорған қалалық емханасы №2» МКК, «Нұр-Авиценум» ММ медициналық орталығы, «ХАК медициналық орталығы» ЖШС.
Тіркеу науқаны кезеңінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелген адамдар осы ұйымда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап алады.
Тіркеу науқаны 1 қарашаға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-healthcare/press/news/details/1060842?lang=kk