Абу Дабиде «Композитор» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

Абу Дабиде «Композитор» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

03.09.2025 15:50:23 1305

Абу Даби, 2025 жылғы 1 қыркүйек – Абу Дабиде Қытай композиторы           Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Композитор» көркем фильмі көрсетілді. Аталған киноны 2019 жылы Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген.

Іс-шараны Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қытайдың БАӘ-дегі Елшілігі мен Мәдени орталығы және Абу Даби Мәдени қоры ұйымдастырды.

Тарихи драмада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Алматыға эвакуацияланған көрнекті қытай композиторы Сянь Синхайдың тағдыры және оның жас қазақ композиторы Б.Байқадамовпен арадағы достық қарым-қатынасы туралы баяндалады.

Көрсетілімді ашқан ҚХР-дың БАӘ-дегі Елшісі Чжан Имин аталған фильм Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтудың символына айналғанын және халықтық дипломатияны дамытуға маңызды үлес қосқанын атап өтті.

Фильм көрсетілімі тек мәдени шара ғана емес, сондай-ақ өнердің халықтар мен елдерді біріктіретін қуатты күш екендігін танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1061289?lang=kk