БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесу
03.09.2025 17:01:01 1509
2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының одан арғы жұмысының перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен БҰҰ жүйесінің түрлі құрылымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1061395?lang=kk