Қазақстан мен Эстония ынтымақтастықты нығайту үстінде
03.09.2025 19:40:39 230Астана, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар қазақ-эстон қатынастарының өзекті мәселелерін талқылай отырып, жоспарланып отырған биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындыққа, сондай-ақ сауда, цифрландыру, көлік және логистика салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.
Дипломаттар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі дамыту, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын егжей-тегжейлі қарастырды.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Осы тұрғыда қос тарап 2025 жылғы қаңтарда Таллинде өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының қорытындысы бойынша қабылданған уағдаластықтарды іске асыру сұрақтары бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар диалогты одан әрі жалғастыруға және Астана мен Таллин арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды тереңдетуге өз мүдделерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1061576?lang=kk