Үндістан мен Қазақстан білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Үндістан мен Қазақстан білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

03.09.2025 19:40:40 238

Нью-Дели, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістанның білім беру министрінің бірінші орынбасары Вайнит Джошимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші А.Есқараев Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толғанын, сондай-ақ Қазақстан Үндістанмен білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың артуымен және адамдар арасындағы берік байланыстармен ерекшеленетін өзінің ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестігін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы кешенді бастама болып табылатын Қазақстанды Орталық Азиядағы өңірлік академиялық хаб ретінде ілгерілетуге бағытталған “Study in Kazakhstan” жобасының артықшылықтары туралы үндістандық тарапты хабардар етті.

Бұдан басқа Қазақстан Елшісі екіжақты қарым-қатынастың негізгі тірегі ретінде білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын және екі ел арасындағы академиялық ұтқырлықтың артып келе жатқанын атап, бірлескен ғылыми бастамалар және студенттермен алмасу бағдарламалары арқылы Қазақстан мен Үндістан жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге мүмкіндіктің бар екендігі айтты. Осы орайда екі тарап арасында білім беру саласын одан әрі дамыту үшін үндістандық тарапқа өзара түсіністік туралы меморандум жасасу және оны іске асыру ұсынылды.

Өз кезегінде Министрдің бірінші орынбасары Вайнит Джоши шетелдік студенттердің Үндістанның 160-тан астам жоғары оқу орындарына тапсыруға мүмкіндік беретін және 2600-ден аса оқу бағдарламаларын қамтитын “Study in India онлайн порталы туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласында ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған шараларды іске асыруға уағдаластыққа қол жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1061574?lang=kk