Алматыда қытай композиторы Сянь Синхайдың 120 жылдығына концерт өтті
04.09.2025 13:00:38 661
2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қытайдың аса көрнекті халық композиторы Сянь Синхайдың туғанына 120 жыл және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концертке қатысып, сөз сөйледі.
Концертті Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулдығы ұйымдастырды.
Өз сөзінде Елші қытай композиторы мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығы екі халық арасындағы мәдени және рухани бірліктің символы екенін атап өтті.
Екі елдің композиторларының шығармашылық мұрасы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатынына ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1061884?lang=kk