Бүгін Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті ХI сессиясы өтті, оған аудан әкімі Р.Б. Халықов, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

04.09.2025 17:50:49 125

Аудандықмәслихаттыңжұмысжоспарынасәйкессессиядаекімәселеқаралды:

  1. Ауданәкімініңөзіне жүктелген функцияларменміндеттердіңорындалуытуралыесебі;
  2. Қарабалық ауданында спортты дамыту туралы.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша аудан әкімі Р.Б. Халықов баяндама жасап, депутаттар мен сессияға қатысушыларға ауданның барлық тіршілік салаларының жай-күйі, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жүргізілген жұмыстың қорытындылары және даму перспективалары туралы толық мәлімет берді.

Депутаттар аудан әкімі мен оның басшылығындағы әкімдіктің бүкіл қызметі әлеуметтік саланы және экономикалық қатынастарды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық-саяси өмірдегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Есеп сессия шешімімен бірауыздан бекітілді.

Қарабалық ауданында спортты дамыту туралы «Қарабалық ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі - Спорт бөлімі) басшысы Л.Ю. Храпованы тыңдады.

Ауданда барлығы 43 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді, оларда 10 628 адам қамтылған, бұл аудан халқының 44,7% құрайды. Ауданда 88 спорт нысаны бар.

Тек 2025 жылдың өзінде 396 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оған 8041 адам қатысты. Жыл сайын спорт бөлімі футбол, баскетбол, волейбол, күрес, қазақша күрес, дзюдо, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика және басқа да 50-ден астам спорт түрінен (оның ішінде 14-і – олимпиадалық) аудан біріншіліктерін өткізеді.

Спорт бөлімі басшысының есебі назарға алынып, ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1062191?lang=kk