Мерейтоймен құттықтау!

Мерейтоймен құттықтау!

04.09.2025 18:00:39 141

Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы Аудит басқармасы пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы Ардақ Әлімжановты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

32 жыл бұрын  Ардақ Назымбекұлы «Көкшетау» кедені  экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі инспектор лауазымына қызметке орналасты.

Кеден жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бағаланған.

Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз. Құттықтаймыз!

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1062224?lang=kk