БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесі кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесі кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады

05.09.2025 14:00:17 662

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасалуда. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесі жеке кәсіпкерлерге өз өндірістерін мекеме аумағында орналастыру мүмкіндігін ұсынады.

 

Кәсіпкерлер үшін келесі артықшылықтар қарастырылған:

  • Экономикалық тиімділік – сотталғандарды жұмыспен қамту арқылы шығындарды азайту;
  • Дайын база – өндірістік орындар мен жұмыс істеп тұрған цехтардың болуы;
  • Жалға алу ақысының болмауы – кәсіпкерлер аренда төлемінен босатылады;
  • Қауіпсіздік – нысандар мекеме тарапынан қорғалады, қосымша күзет немесе дабыл орнатудың қажеті жоқ;
  • Еңбек тәртібі – қызметкерлер мекеме әкімшілігі арқылы қамтамасыз етіледі, жұмысқа кешігу немесе себепсіз қалу жағдайлары болмайды;
  • Ғимарат таңдау мүмкіндігі – кәсіпкер өз қызметінің ерекшелігіне сай бос тұрған орындарды таңдай алады;
  • Инфрақұрылым – өндірісті іске қосуға барлық жағдай жасалған;
  • Кадрларды іріктеу – мекеме әкімшілігі сотталғандар арасындағы мамандардың есебін жүргізеді және кәсіпкерге қажетті ақпарат бере алады.

 

Шарттар кәсіпкерлік қызметтің бағытына және қызығушылығына байланысты жасалады. Коммуналдық қызметтер мемлекеттік мекеме тарифтері бойынша нақты тұтынылған көлеміне қарай төленеді.

 

Осылайша, №28 мекемемен ынтымақтастық орнату кәсіпкерлерге шығындарды азайтып, өз ісін дамытуға мол мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1062616?lang=kk