БҚО бойынша ҚАЖД 28-мекемесінде нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шара өтті
05.09.2025 14:40:21 610
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 28-мекемесінде сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Департамент полициясының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында полиция өкілдері нашақорлықтың зияны мен есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ сотталғандардың нашақорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру және бостандыққа шыққаннан кейін қайталама қылмыс жасаудың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
Мұндай профилактикалық кездесулер жүйелі түрде өткізіліп, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1062641?lang=kk