«Тіл бірлігі – Қазақстан халқы бірлігінің негізі»

«Тіл бірлігі – Қазақстан халқы бірлігінің негізі»

05.09.2025 17:10:27 686

5 қыркүйек күні ШҚО музей-қорығында Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оның мақсаты – елдің бай тілдік мұрасын, сондай-ақ түрлі этностардың материалдық және рухани мәдениетін танымал ету. Іс-шара мектеп оқушыларының қазақ, белорус, әзірбайжан, неміс, поляк, корей тілдері бойынша білімдерін көрсеткен қызықты викторина түрінде өтті. Қатысушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, ұпай жинады, сондай-ақ тілдер әлемінің қаншалықты алуан түрлі әрі қызықты екенін көрсетті. Сайыстың қорытынды кезеңінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. ШҚО филармониясының және музей-қорықтың «Белес» этнографиялық ансамблінің солисі Қуаныш Оралбаевтың өнер көрсетуі іс-шараның көркін ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1062831?lang=kk