Оман Сұлтандығымен банк саласындағы ынтымақтастықты дамыту Елшіліктің назарында
06.09.2025 08:00:26 3764
2025 жылғы 5 қыркүйекте, Масқат қаласында - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығы «Sohar International» банкінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Әзиз Әл-Джахдамимен кездесуі өтті.
Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын кеңінен талқылады. Атап айтқанда, оман тарапы Қазақстанның банк секторының жұмысы және инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Елші А.Тұматов сұхбаттастарды еліміздің банк саласының қазіргі жағдайы, оның даму негізгі үрдістері, Қазақстандағы қаржы нарығының аса ірі акторларының активтері мен қызметтері туралы мәлімет берді. Ондағы кейінгі уақытта активтер мен таза пайданың ұлғаюы отандық банк секторы тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Қаржы нарығы жаңа цифрлық технологияларды енгізудің және жаңа банк өнімдерінің пайда болуының арқасында белсенді дамып келеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаржы ұйымдарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін жақын арада "Sohar International" банкі делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1063019?lang=kk