Агросектор сделал шаг вперёд, строительство набрало темпы

Агросектор сделал шаг вперёд, строительство набрало темпы

07.09.2025 13:20:24 204

Агросектор алға басты, құрылыс қарқыны күшейді
Алматы облысында ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қатар дамып келеді.

Бұл өңірдің экономикасының бір салаға ғана емес, бірнеше бағытқа негізделіп, тұрақты өркендеп жатқанын көрсетеді.
2024 жылы облыста ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 682,3 миллиард теңгеге жетті. Бұл тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығару мүмкіндігін де кеңейтті. Алдағы жылы бұл көрсеткіш 751 миллиард теңгеге ұлғаймақ. Ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты кепілі. Алматы облысы осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

Облыс республикада ет, өрік және құс етін өндіру бойынша алдыңғы орында тұр. Табиғи өнімге сұраныс өсіп жатқан шақта мұндай көрсеткіш айрықша маңызға ие. Соңғы үш жылдың ішінде облыстың аграрлық өнімдері шетел нарығына да кеңінен шығарылып, экспорт көлемі 1,5 есеге өсті. Бұл 850,9 миллион АҚШ долларын құрады. Мұның артында жергілікті шаруалардың еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жатыр.

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Соның аясында жалпы сомасы 10,8 миллиард теңге болатын 1 360 шағын несие берілді. Бұл бастама шалғай ауылдардағы кәсіпті дамытуға және тұрғындардың өз ісін бастауы үшін мүмкіндік туғызды. Қарапайым тұрғындарға нақты қаржылай көмек көрсету – қолдаудың тиімді тәсілі.

Ауылмен бірге қала да қарқынды дамып келеді.. Құрылыс саласындағы өсім – осының айқын дәлелі. 2022–2024 жылдары облыста 2,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл мыңдаған отбасының жаңа пәтерге ие болғанын білдіреді. 2025 жылы тағы 960 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Құрылыс саласының жандануы тұрғындардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да септігін тигізеді. Жұмыс орындары көбейеді, инфрақұрылым кеңейеді, жергілікті өнімге сұраныс артады.
– Құрылыс саласындағы өсім – тұрғындардың баспаналы болуына жол ашатын басты фактор. Бұл әлеуметтік тұрақтылықтың негізі, – деді өңірлік конференцияда облыстық құрылыс басқармасының өкілі.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында қол жеткізген жетістіктері – жай статистика емес, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты нәтижелер. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатыны анық, себебі тұрақты даму бүгін ғана емес, ертең үшін де маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063152?lang=kk