Ақмола төрінде – Абай рухына тағзым еткен ұлы мәдени арбат өтті
08.09.2025 16:31:38 354
2025 жылдың 10 тамызында руханияттың шамшырағы, ұлттың ұлы ұстазы – Абай Құнанбайұлының өлмес мұрасын ұлықтаған ұлық мереке – «Абай әлемі» атты мәдени арбат Ақмола облысының жүрегінде өтті. Бұл – ұлттық болмыс пен заманауи өнердің тоғысқан, парасат пен пайымға толы тағылымды думан болды.
Шара Көкшетау қаласының көркем жағалауында, ашық аспан астында ұйымдастырылып, 10 000-нан астам көрермен мен қатысушыны жинады. Мәдени арбат жеті бірегей аймақтан тұрды – әрқайсысы Абай әлемінің бір қырын ашып, көрерменді кемел ой мен көркем өнерге жетеледі.
Мәдени арбаттың айшықты аймақтары:
- Ұлттық әуен аймағы – «Абай дана, Абай дара» атты облыстық фольклорлық ансамбльдер фестивалі.
- Вокалдық аймақ – «Әнді сүйсең, менше сүй» жас орындаушылар байқауы және «Қазақша караоке» алаңы.
- Әдеби аймақ – «Өлең сөздің патшасы» ақындар мүшәйрасы, әдеби кездесулер, кітап көрмелері мен жәрмеңкелер.
- Театр алаңы – «Даналық бастауы – Абай» сахналық қойылымдары.
- Бейнелеу өнері алаңы – «Жыл мезгілдері» жас суретшілер байқауы.
- «Шеберлер шаһары» – ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі.
- Бас сахна – салтанатты концерт, Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының өнері.
Сонымен қатар, мерекелік кеңістікте фудкорттарда қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
«Абай әлемі» – бір күндік мәдени шара ғана емес, халықтың рухани түлеуі мен ұлттық сананың жаңғыруының айқын көрінісі болды. Абайдың асыл мұрасы – елдіктің темірқазығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген ұлы мереке көпшіліктің жүрегінде мәңгілік орын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1063698?lang=kk