Алматыда венгриялық технологиялық компаниямен ынтымақтастықтың келешегі талқыланды
08.09.2025 19:10:56 188
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Мажарстанның Алматы қ. Бас консулы Саболч Сёке және венгриялық «4iG S&DT» (Space & Defense Technologies) цифрлық технологиялық компаниясының бизнес-даму жөніндегі бас менеджері Ариш Кечкешпен кездесу өткізді.
Тараптар цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Ерекше назар жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және спутниктік технологиялар мәселелеріне аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар телекоммуникациялар саласында әрі қарайғы ынтымақтастыққа және бастамаларды ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1063939?lang=kk