Автомобильдерді сынау кезінде заң бұзған зертханаға 1,5 миллион теңге айыппұл салынды.
09.09.2025 15:40:45 212Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «PLANK» ЖШС-не 1 533 480 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, сот шешімімен зертхананы аккредиттеу аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды.
Әкімшілік жауапкершілікке тартуға Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарын бұза отырып, көлік құралдарына сынақтар жүргізу бойынша жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері негіз болды.
Атап айтқанда, сынақтарды жүргізудегі бұзушылықтар. Зертхана шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларына нақты сынақ жүргізген жоқ. Сондай-ақ, белгілі бір көлік құралын сынау үшін қолданылмайтын тежегіш стендті қолдану дәлелденді.
Зертхана Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде әрекет етуге және оның сәйкестігіне аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті. Оның қызметі белгіленген аккредиттеу саласымен қатаң шектелуі керек.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ҚР СжИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғап, сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берді.
Бүгінгі күні зертхана аталған нұсқамаларды толық көлемде орындады, заңбұзушылықпен берілген көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердің күші жойылды, қызметкерлерге заңнаманы сақтау бойынша техникалық оқу өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1064486?lang=kk