2026. Арнайы салық режимдерінің жүйесі жеңілдетілді
10.09.2025 09:50:59 2943
Шағын бизнеске салынатын салықтың ашықтығын арттырып, әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған реформа аяқталды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (САР) қалады:
- Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
- Қарапайым декларацияға негізделген АСР
- Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (ШФҚ)
- Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
- Қолдана алатындар: жеке кәсіпкер (ЖК) мәртебесі жоқ, жалдамалы қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар.
- Табыс шегі: айына 300 АЕК ке дейін (≈ 1,3 млн тг); жылына 15 млн тг дейін.
- Салық жүктемесі: табыстан 4 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер; ЖТС (ИПН) төленбейді.
- Есептілік: декларация жоқ — есеп ай сайын e Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер негізінде автоматты түрде жүргізіледі.
- Қарапайым декларацияға негізделген АСР
- Табыс шегі: жылына 600 000 АЕК ке дейін (≈ 2,5 млрд тг).
- Жұмысшылар: саны бойынша шектеу жоқ.
- ЖТС ставкасы: 4 % (мәслихаттар 50 %-ға көтеру/төмендету құқығымен).
- Есептілік: 910.00 нысаны жылына екі рет.
- Жеңілдіктер:
- табыс 24 000 АЕК тен асқанда жалақы қоры сомасына салық жүктемесін азайту;
- түсім 135 000 АЕК тен аз болса, бухгалтерлік есеп жүргізу талап етілмейді.
- ҚҚС: қолданылмайды.
- Шектеулер: рұқсат етілмеген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген.
- ШФҚ ға арналған АСР
- Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (міндетті түрде меншікті немесе жалға алынған жер учаскесі болуы керек).
- Салық: айналымнан 0,5 % (ЖТС ретінде төленеді).
- Босатулар: ҚҚС тан, әлеуметтік салықтан, ауылшаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын мүлік пен көлік салығынан босатылады.
- Есептілік: 200.00 нысаны жылына бір рет.
Күтілетін нәтиже
–25 % — шағын бизнес үшін есептілік нысандарының санын қысқарту.
≈ 40 мың кәсіпкер салық органына бармай ақ ыңғайлы режимге автоматты түрде өтеді.
> 120 млрд тг — бизнес пен мемлекет үшін жыл сайынғы әкімшілік шығындарды үнемдеу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1064884?lang=kk