2025 жылғы 10 қыркүйекте Әділет департаменті басшылығы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың тарих, экономика және құқық факультетінің деканы З.К. Картова және оқытушыларымен жұмыс кездесуін өткізді.
10.09.2025 16:10:28 192
Кездесу барысында студенттер оқытушылар мен тәжірибелі заңгерлердің жетекшілігімен халыққа тегін құқықтық көмек көрсететін заң клиникасының одан арғы жұмысы талқыланды.
Заң клиникасы — бұл:
✅ азаматтарға тегін көмек
✅ құқықтық сауаттылықты арттыру
✅ заң факультеті студенттеріне практикалық тәжірибе
Құқықтық ағарту ісіндегі жемісті ынтымақтастығы үшін университет ұжымына алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1065332?lang=kk