Салықтық тексерулерінің түрлері

Салықтық тексерулерінің түрлері

10.09.2025 18:10:38 266

ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес салықтық тексерудің екі түрі бар:

- тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер

- жоспардан тыс салықтық тексерулер

  Салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты салық органдары тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер болып табылады . Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексеру бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Кестеге өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Кесте орналастырылған:

- өткен жылдың 25 желтоқсанына дейін

- ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін

Жоспардан тыс тексеру кестеден тыс келесі негіздер бойынша тағайындалады: 

- салық төлеушінің өтініші немесе шағымы бойынша

- ҚҚС бойынша қызметті жою, тоқтату немесе есептен шығару кезінде

- ҚҚС бойынша асып кетуді қайтару кезінде

- халықаралық келісімдерді қолдану кезінде

- қылмыстық іс жүргізу негіздері бойынша

- салық органдарының хабарламасы орындалмаған кезде

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт аяқталған кезде

- жалған шот-фактуралар мәселелері бойынша

- дебиторлармен есеп айырысу бойынша

- салық төлеушінің өтініші бойынша

- уәкілетті органның немесе соттың шешімі бойынша

- банктер мен қаржы ұйымдарын бақылау үшін

- жалпы салық міндеттерінің орындалуын бағалау үшін

Кейбір жоспардан тыс тексерулер дәлелденген мерзімде қайта жүргізілуі мүмкін.

Ерекшелік: егер сотқа шағым берілсе-сот шешіміне дейін қайта тексеру жүргізілмейді. Егер компания көлденең мониторингке қатысса, тексерулер жүргізілмейді (қарсы тексерулерді, ҚР ҚІЖК көзделген негіздер бойынша салық тексерулерін қоспағанда, салық төлеушінің өзі өтініші бойынша немесе салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты.)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1065499?lang=kk