Ауыл шаруашылығының дамуы
11.09.2025 11:30:15 152
Алматы облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде өңірде 29,0 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі жұмыс істейді. Оның ішінде:
1490 – заңды тұлға,
845 – жеке кәсіпкер,
26 696 – шаруа қожалығы.
Ағымдағы жылы саланы қолдауға 27,7 млрд теңге субсидия бөлінді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 283,8 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,3%, оның ішінде:
өсімдік шаруашылығы – 47,9 млрд теңге (НКИ – 107,8%),
мал шаруашылығы – 235,7 млрд теңге (НКИ – 102,4%).
Облыс жалпы республикалық ауыл шаруашылығы өндірісінде 11,8% үлеспен 2-орында тұр.
2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жер көлемі 434,1 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2 мың гектарға артық. Оның ішінде:
дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 171,7 мың га,
жүгері – 50,8 мың га,
күріш – 6,0 мың га,
майлы дақылдар – 32,2 мың га,
картоп – 10,4 мың га,
көкөніс – 15,8 мың га,
бақша дақылдары – 2,3 мың га,
мал азықтық дақылдар – 201,4 мың га.
Тыңайтқыш және тұқым шаруашылығы
2024–2028 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес облысқа 60,8 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Бүгінде 45,3 мың тоннасы алынды (74,5%).
Сондай-ақ, облыста 20 тұқым өсіруші және 9 тұқым өткізуші жұмыс істейді. 2025 жылғы өнімге 63,0 мың тонна тұқым қоры дайындалған.
2030 жылға дейін су үнемдеу технологияларын 186,6 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. 2025 жылы 50 мың гектарға енгізу межеленген. Қазірдің өзінде 22 318 гектарда (оның ішінде тамшылатып суару – 11 123 га, жаңбырлатып суару – 11 195 га) жаңа технологиялар қолданылуда.
Ірі қара мал саны 617,8 мың басқа жетіп, 41,7%-ға артты. Қой мен ешкі – 2,7 млн бас, жылқы – 247,6 мың бас, құс – 9,5 млн басқа жетті.
Өндірілген өнім көлемі:
ет – 143,0 мың тонна,
сүт – 162,8 мың тонна,
тауық жұмыртқасы – 276,9 млн дана.
Облыс республикада ет өндірісі бойынша – 1 орында (14,0%), құс еті өндірісі бойынша да – көшбасшы (30,0%).
2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде құны 317,2 млрд теңге болатын 36 жоба іске асырылуда, нәтижесінде 734 тұрақты жұмыс орны ашылады. Биылғы жылы 33,5 млрд теңгеге 17 жоба жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1065870?lang=kk