ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ

11.09.2025 15:47:32 2290

Теміржол саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан Күлшіманова Назира Амангельдиевна – өз ісінің нағыз шебері. Оның бұл саладағы еңбек өтілі — 28 жыл.

Еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында кадр бөлімі бойынша аудармашы қызметінен бастаған ол  бүгінде жауапты әрі маңызды қызмет атқарады. Қазіргі таңда ол жөндеуді бақылау бөлімінің инженері лауазымында жұмыс істейді.

Осы жылдар ішінде кәсіби біліктілігімен, еңбекқорлығымен және жауапкершілікке деген жоғары көзқарасымен әріптестері арасында үлкен беделге ие болды. Өз ісіне деген адалдығы мен мол тәжірибесі жас мамандарға үлгі боларлықтай.