Ветеринар – жануарлардың денсаулығын сақтауға жауапты маман
11.09.2025 15:49:54 2232.png)
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл бастама қоғамда еңбек адамының беделін арттырып, түрлі кәсіп иелерінің маңызын тануға жол ашады. Солардың бірі – ветеринар мамандығы.
Ветеринар – ауыл шаруашылығы саласының маңызды өкілі. Ол үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларының алдын алу, оларды емдеу, диагностикалау және санитарлық-ветеринарлық шараларды жүзеге асырумен айналысады. Сонымен қатар, ветеринар мамандар жануарлардан алынатын өнімдердің (ет, сүт, жұмыртқа және т.б.) қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де шешуші рөл атқарады.
Бұл мамандық иелерінен кәсіби біліммен қатар, жануарларға деген жанашырлық, жауапкершілік пен төзімділік талап етіледі. Қоғам үшін маңыздылығы жоғары ветеринар қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға, адам мен жануарлар арасындағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосады.
Жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастар үшін ветеринария – еңбек нарығында сұранысқа ие, тұрақты әрі келешегі бар бағыттардың бірі.