«Жетісу – жырдың бұлағы» атты облыстық ақындар айтысы және жыршы-термешілер байқауы
12.09.2025 10:50:51 2422
Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Жетісу – жырдың бұлағы» атты облыстық ақындар айтысы сағат 10:00-де, жыршы-термешілер байқауы сағат 15:00-де өтті. Марапаттау рәсімі сағат 18:00-де өткізілді. Айтыстың негiзгi мақсаты тәуелсіз еліміздің жетістіктерін паш ете отырып, өз алдына отау құрғанына үш жыл толуына орай Жетісу облысының жетістіктері мен әлеуметтік-экономикасын және мәдениетін тілге тиек ету. Сондай-ақ, Бақтыбай Жолбарысұлы мен Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл және Қанабек Байсейітовтың 120 жылдығын көркем жырмен әспеттеп, болмысын ашу айтыстың басты шарты болып табылады. Айтысқа барлығы 8 айтыскер ақын қатысты, ал жыршы-термешілер байқауына 21 өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Ақындар айтысы және жыршы-термешілер байқауының қазылар алқасы құрамында
- Айтақын Бұлғақов - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жетісу облысының Бас ақыны.
Әміре Әрін - Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
- Нүсіпбай Әбдірахым - Ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы.
- Жангелді Немеребай - Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысы бойынша ресми өкілі, ақын.
- Ләззат Жанаманова - Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші.
- Мұхтар Күмісбек - Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
- Есхат Нұрәлі - Жыршы-термеші, Республикалық байқаулардың лауреаты
Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер ақшалай сертификаттар, дипломдар мен жүлделі орындарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1066522?lang=kk