«Отбасы алтын діңгек» тақырыбында семинар

«Отбасы алтын діңгек» тақырыбында семинар

12.09.2025 16:40:29 43

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Департаменттің әкімшілік бөлімі Отбасы күніне орай «Отбасы алтын діңгек» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар кітапхана қызметкері Абильтаева Шолпан Елегенқызы және ұлағатты ұстаз Дильдабекова Балзада Рахимжанқызының қатысуымен өтті.
Семинардың басты мақсаты: отбасылық құндылықтарын дәріптеу, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін
қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар баланың отбасындағы
рөлін анықтау. Өскелең жастарға бала ата-анадан көрген өнегені бойына сіңіріп өсетіндігін, бала өміріндегі адамгершілік, мейірімділік, адалдық деген қасиеттерді өз отбасынан, қоршаған ортасынан алатындығын жеткізу.
Қонақтарымыз Департамент қызметкерлеріне отбасы – адам өміріндегі ең басты қазына екендігін, отбасында татулық пен сыйластық орын алса, ол отбасында береке мен бірлік салтанат құратындығы туралы, әрбір бала үшін өзінің отбасы – ең алғашқы тәрбие мектебі болып табылатындығын айтып берді. Департамент қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.



Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1066919?lang=kk