Нью-Делиде Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастары талқыланды

Нью-Делиде Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастары талқыланды

13.09.2025 08:00:33 215

Нью-Дели, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау аясында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Үндістан сарапшылар қауымдастығы мен осы елдің Сауда-өнеркәсіп палаталарының федерациясы өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауындағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы қатысушыларға ақпарат берді.

Қатысушылардың назарына Жолдаудың негізгі бағыттары таныстырылды. Олардың қатарында, жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелері, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы қолдау және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, Парламенттік реформа.

Қазақ дипломаты Жолдаудағы мәселелер Қазақстан-Үндістан арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары Президент Жолдауындағы мәселелердің өзектілігін ерекше атап өтті.

Панкаж Сингх мырза, Ресей мен ТМД бойынша Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының директоры, Жолдаудағы цифрландыру мен адам капиталын дамытуға жасалған басымдықтар бірлескен білім беру және инвестициялық жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін беретінін мәлімдеді.

Доктор Правеш Кумар Гупта, Vivekananda Халықаралық Қорының Еуразия өңірі бойынша ғылыми, Жолдаудағы мәселелер Қазақстан мен Үндістан арасындағы ақпараттық технологиялар, көлік-логистика, банк, білім беру салалардағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Дипанджан Рой Чаудхури мырза, Үндістандағы The Economic Times газетінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі редакторы, банк саласы, көлік дәлізі, маңызды шикізат көздері, агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Ол аталған салалар екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің маңызды бағыты бола алатынын айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар Президент Жолдауындағы басымдықтар Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестікке жаңа серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар экономика, білім беру және инновациялар салаларындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретіні туралы айтылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1067246?lang=kk